Түркия Ресейге өтемақы төлеуге әзірлік танытты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10135-Түркия_Ресейге_өтемақы_төлеуге_әзірлік_танытты
Түркияның үкімет басшысы Анкараның ресейлік бомбалаушы ұшақтың құлауы салдарынан Мәскеуге тиген шығынның орнын толтыру үшін кез- келген шараға әзірлігін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 28, 2016 19:24 Asia/Almaty
  • Түркия Ресейге өтемақы төлеуге әзірлік танытты

Түркияның үкімет басшысы Анкараның ресейлік бомбалаушы ұшақтың құлауы салдарынан Мәскеуге тиген шығынның орнын толтыру үшін кез- келген шараға әзірлігін мәлімдеді.

Бинали Йылдырым «TRT» телеарнасының бағдарламасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ресейден кешірім сұраған хатына сілтеме жасап: "Анкара мен Мәскеудің дәстүрлі байланысын жандандыру үшін Түркия барлық тиісті шараларды жасауға әзір" деді. Ердоған Ресей президентіне жолдауында ресейлік қырғи ұшақтың құлатылғаны үшін кешірім сұрап, қазаға ұшыраған ұшқыштың отбасына көңіл айтты.