Палестинадағы жаңа интифаза діни және құрани түсініктерге негізделген
Иранның исламдық насихатты үйлестіру кеңесінің Интифаза және Құдс штабының басшысы Палестина интифазасының діни түсініктерге негізделіп, Құран мәдениетіне сай қалыптасып, тайпалық, араби ұлтшылдық қалыптан өте алшақтағанын айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның исламдық насихатты үйлестіру кеңесінің Интифаза және Құдс штабының басшысы бригада генералы Рамазан Шариф сәрсенбі күні түнде ирандық діни үлемдердің бірі аятолла Хосейн Нури Хамеданимен кездесуінде: «Дұшпандар аймақта айғай-шу шығарып, Сирия мен Иракта ДАИШ пен ан-Носрат майданы сынды лаңкестік топтардың көмегімен қақтығыстарды өршіту арқылы Палестина мен Құдс шәріптің арман-мақсаттарын ұмыттыруға күш салды, бірақ табысқа жеткен жоқ. Жаулап алынған жерлердегі халықтың сионистік режимге қарсы күрестерінің жалыны шынайырақ және беделдірек болып келеді. Палестиналық жас күштер қазір енді дәстүрлі топтар сынды ойламайды. Ислам әлемінде қақтығыстар мен толқыныстарды өршітудің арқасында қауіпсіздікке қол жеткізуді ойлаған Израиль де табысқа жеткен жоқ. Бұл режим өзінің мақсатына жете алмады» деді.