Түркияның туристік қызмет бөлімінде істейтін 500 000 адам жұмыссыздық қарсаңында тұр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1054-Түркияның_туристік_қызмет_бөлімінде_істейтін_500_000_адам_жұмыссыздық_қарсаңында_тұр
Түркия қонақ үй қожайындары федерациясының орынбасары осы елдегі бейберекеттіктердің ұлғаюы және соғыс болудан қорқудың әсерінен Түркияның саяхатшыларға қызмет көрсету бөлімінде істейтін 500 000 адам жұмыссыз қалу қаупіне тап болып отыр деп ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 19, 2016 18:40 Asia/Almaty
  • Түркияның туристік қызмет бөлімінде істейтін 500 000 адам жұмыссыздық қарсаңында тұр

Түркия қонақ үй қожайындары федерациясының орынбасары осы елдегі бейберекеттіктердің ұлғаюы және соғыс болудан қорқудың әсерінен Түркияның саяхатшыларға қызмет көрсету бөлімінде істейтін 500 000 адам жұмыссыз қалу қаупіне тап болып отыр деп ескертті.

«Milliyet» газетінің ақпарат торабының мәлімдеуінше, Мұхаммад Ишлар Түркияның Ресеймен байланысындағы текетіреске сілтеме жасап, Түркияның ішіндегі мазасыздықтар мен саяхатшылардың соғыс болу ықтималынан қорқуы Анталия қаласының өзінің туристік бөлімінде шамамен 15 000 жұмыс орынын жойғанын айтып, Түркияның Туризм министрлігінен осы істің алдын алу үшін тиісті шара қолдануды сұрады.

Өткен аптада да Түркиядағы Анталия қаласының Сауда палатасы осы елдің Туризм министрлігіне берген есебінде: «Түркияның Ресеймен байланысындағы дағдарыс ағымдағы жылда Анталияның табысына шамамен 9 миллиард доллар шығын келтіреді.

Анталия облысы жылына шамамен екі миллиард доллар ауыл шаруашылығы өнімдерін Ресейге экспорттап отырған. Осы зарарды есептегенде Анталияның жалпы шығыны 11 миллиард долларға жететін болады» деп жазды.