БҰҰ Йеменде адам апатының орын алуы туралы ескерту жасады
(last modified Fri, 19 Feb 2016 13:55:01 GMT )
Ақп 19, 2016 19:55 Asia/Almaty
  • БҰҰ Йеменде адам апатының орын алуы туралы ескерту жасады

БҰҰ Сауд Арабиясы мен "Араб коалициясы" деп аталатын кейбір араб елдерінің Йеменге қарсы шабуылдарының жалғасуы осы елді адам апатының қарсаңына қойып отыр деп мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысының Йемен ісі жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валад әш- Шейх осы органның Қауіпсіздік Кеңесіне Йемендегі жағдай туралы берген есебінде «Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі араб коалициясының Йеменнің емдеу және қызметтік орталықтары мен азық- түлік қоймаларын жаппай қиратуы Йеменді адам апатының қарсаңына қойып отыр» деп мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысының Йемен ісі жөніндегі арнайы өкілі Йемендегі адами жағдайдың ушығуына қастысты ескерту жасап: «Қақтығыстар Аден, Лахдж, Шабва және Сана облыстарында өршіп, Йемен армиясының тексеру пункттері мен қолбасшылары және қауіпсіздік қайраткерлерінің үйлеріне қарсы шабуылдар осы елде лаңкестік топтардың құзырына алғышарт әзірлеп отыр» деді.

БҰҰ- ның Йемен ісі жөніндегі арнайы өкілі Сауд Арабиясы мен осы режимнің сыбайластарының шабуылдарының күшеюіне байланысты осы елдегі апатты жағдай туралы мынадай жағдайда ескерту жасап отыр:

Адам құқығын бақылаушы ұйым Эр- Риядтың халықаралық жәрдем берушілерді Йеменнен шығару туралы өткен аптада қойған талабын айыптап, Сауд Арабиясы халықаралық заңдар бойынша Йемендегі гуманитарлық ұйымдар мен органдарға қолдау көрсетуі тиіс деп қуаттады.

Сауд Арабиясы өткен аптада БҰҰ- на жолдаған хатында осы органнан халықаралық жәрдемдесуші күштерді Йемен армиясы мен халықтық күштерінің қарамағындағы аймақтардан шығаруды талап етті, бірақ БҰҰ талапты заңсыз деп атап, бұл органның жәрдемдесуші қызметкерлері Эр-Риядтың қысымдарына қарамастан Йемендегі гуманитарлық шараларын тоқтатпайды деп мәлімдеген болатын.

Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдарының күшеюі және осы елді жан- жақтан қоршауы мынадай жағдайда орын алып отыр: Халықаралық органдар, әсіресе осы ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мун Йеменге қарсы шабуылдарды доғаруды талай рет қуаттап, шабуылдардың жалғасуының кері салдарларын ескерткен болатын.

Йемен басшыларының айтуынша, Йемен халқы мен күштерінің Сауд әулеті мен осы режимнің аймақтық демеушілерінің жабайы сипатты шапқыншылығы алдында қарсыласуынан кейін шапқыншылар коалициясы осы елдің инфрақұрылымдық нысандарын, атап айтқанда су, электр, денсаулық сақтау және тасымал бөлімін қиратуды күн тәртібіне қойып отыр, алайда Йемен барлық тауқыметтерге шыдап, шапқыншылармен қарсыласуын жалғастырып, басқыншы күштердің алдында үлкен табыстарға қол жеткізді.

Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айының 26-нан бері АҚШ және кейбір араб елдерінің демеушілігімен Йеменге шабуыл жасады. Шабуылдардың салдарынан осы уақытқа дейін мыңдаған йемендік, соның ішінде әйелдер мен балалар өліп, жараланды. Осы елдің инфрақұрылымдық, қызметтік және емдеу нысандарының 80 пайызы жермен-жексен болған.