Зариф Медине қаласындағы жарылысқа реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10672
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф қасиетті Медине қаласындағы жарылысқа реакция білдіріп: «Лаңкестердің аттап өтпеген қызыл сызығы қалмады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 05, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Зариф Медине қаласындағы жарылысқа реакция білдірді

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф қасиетті Медине қаласындағы жарылысқа реакция білдіріп: «Лаңкестердің аттап өтпеген қызыл сызығы қалмады»,- деді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні «Твиттердегі» парақшасында: «Лаңкестердің аттап өтпеген қызыл сызығы қалмады. Сүннит пен шиіт мұсылмандар бірікпесе, екеуі де құрбан болады»,- деп жазды.

Бұдан бұрын Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми де сол оқиғада құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтып: «ИИР сан рет әлемнің әр жеріндегі лаңкестіктің әр түрін айыптады. Барлық мемлекеттер шынайы жігермен бүкіл мүмкіндіктерін пайдаланып, оның тамырын жойып, себептері және орындаушыларына қатысты шара қолдануға міндетті»,- деп мәлімдеген болатын.

Дүйсенбі күні кешке Мединеде Пайғамбар мешіті (Масджид ан-Набави) және Сауд Арабиясының шығысындағы Катиф қаласындағы мешітке жақын жердегі жарылыстарда алты адам, соның ішінде төрт қауіпсіздік күші қаза болып, бес адам жарақат алды.