Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы Иран Сыртқы істер министрімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі "Иран ислам республикасы лаңкестердің толығымен көзі жойылғанша Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылады" деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы сейіт Амар Хакимді қабылдауында лаңкестерді жеңіліске ұшырату үшін Ирак мен аймақ елдеріндегі саяси және этникалық түрлі топтардың бірлігін нығайту қажеттілігін қуаттады.
Зариф Ирак армиясы мен халықтық күштерінің лаңкестерге қарсы күресте үсті-үстіне жеңіске жетуіне ризалық білдіріп, Ирак үкіметі мен халқының еңбегінің арқасында Ирактағы тәкфирлік лаңкестердің біржолата көзі жойылуына үміт білдірді.
СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы да Ирактағы саяси және әскери өзгерістер туралы баяндап, Иран ислам республикасының көрсетіп отырған қолдауларына алғыс айтты.
Амар Хаким Ирактағы лаңкестердің толығымен жойылу қарсаңында тұрғанын баса айтып: «Лаңкестер мен олардың демеушілері үмітсіздікке бой алдырып, жағдай енді олар үшін пайдалы емес деген нәтижеге жетіп отыр» деді.