Сирияның жаңа үкіметі Асадтың алдында ант қабылдады
Сирияның жаңа үкіметі ел Президенті Башар Асадтың алдында ант қабылдады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад дүйсенбі күні жаңа кабинеттің мүшелері ант бергеннен кейін елдегі дағдарысты жағдайға тоқталып: «Халықтың жаңа үкіметтен күтетіні үкіметтің жауапкершілігін арттырып отыр»,-деді.
Асад жаңа үкіметтің халықпен ашық та тең дәрежеде қатынас жасауы тиіс екенін айтып: «Қол жеткізілген нәтиже халықтың күткенінен төмен болса да, үкімет оларды өзінің талпыныстарынан хабардар етіп отыруы тиіс»,-деп қуаттады.
Ол, сондай-ақ, жаңа үкімет мүшелерінен министрліктердің кеңселері арқылы халықпен тікелей байланыс орнатып, олардың қажеттіліктері және қиындықтарымен таныс болуға шақырды.
Сирия Президенті, сондай-ақ, жаңа үкіметтің сәтті жұмысын халықтың сеніміне қарыздар деп атап: «Үкіметтің алдындағы сириялықтар үшін өте маңызды алғашқы түйткіл – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестік топтарға қарсы соғысты жалғастыру. Қорғаныс министрлігі, армия мен Қарулы күштер ең жоғары деңгейде осы мәселемен айналысып жатыр»,-деді.