Амир Абдуллахиан: Сауд режимі отпен ойнап отыр
Иран Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Хосейн Амир Абдуллахиан: «Сауд Арабиясы Кувейтте йемендіктердің саяси келіссөздерінің ұзаққа созылуына тікелей жауапты»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан: «Сауд Арабиясы әскерилерінің Йеменнің тұрғын аудандары мен инфрақұрылымдарын әуеден толассыз бомбалауы және атысты тоқтату бітімін бұзуы йемендіктердің саяси келіссөздерін нәтижеге жеткізбеді.
Теһран Йеменнің ішкі ісіне араласпайды, бірақ Йемен халқына рухани және гуманитарлық қолдау көрсетуін қарқынды түрде жалғастыра береді.
Сауд Арабиясының Иран халқының Йеменге гуманитарлық көмек жөнелтуіне кедергі жасап отырғанына қарамастан, Иран бұл шараны тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдар арқылы үйлестіріп, жақсы атқарып келеді.
Сауд Арабиясы аймақта соғыс отын өршіту деген қате саясат ұстанатындықтан, отпен ойнап отыр. Бұл ел аймақтық дағдарыстардың басты себепкері саналады. Егер Сауд Арабиясы өзінің қате саясатын түзетпесе, өзімен қоса, аймаққа бұрынғыдан көбірек зиян тигізеді»,-деп баса айтты.