Халифе әулетінің Иранды айыптауы Бахрейн халқын басып- жаншу саясатын көздейді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11149
Бахрейн ІІМ Иран ислам республикасы осы елдің ішкі ісіне араласып отыр деген негізсіз мәлімдемелерін тағы қайталады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 14, 2016 17:33 Asia/Almaty
  • Халифе әулетінің Иранды айыптауы Бахрейн халқын басып- жаншу саясатын көздейді

Бахрейн ІІМ Иран ислам республикасы осы елдің ішкі ісіне араласып отыр деген негізсіз мәлімдемелерін тағы қайталады.

Бахрейн ІІМ өз хабарламасында осы елде Иран тарапынан қолдау көріп отырған бірнеше лаңкес құрықталды деген уәж айтты. Бахрейндік басшылар аракідік негізсіз уәждерді талқылау арқылы Бахрейн халқының талаптарына көңіл бөлудің орнына Иранды осы елдегі наразылықтарды өршітіп, Бахрейнде диверсиялық әрекеттер жасап отыр деп айыптайды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Бахрейн астанасы Манаманың оңтүстігінде орналасқан «Шығыс әл- Акар» елді мекенінде жарылыс болды. Бахрейн дереккөздерінің мәлімдеуі бойынша, осы жарылыстан бір әйел қаза болып, үш бахрейндік бала жараланды. Бахрейн ІІМ осындай жарылыстардың орын алуын әрдайым Иранмен байланыстырып, «Шығыс әл- Акар» елді мекенінде соңғы кезде орын алған жарылысқа қатысты құрықталған кісілер Иранмен байланыста болды деген уәж айтып отыр.

Иран ислам республикасының басшылары Бахрейннің ішкі ісіне араласпайтынын және Халифе әулеті режимі басып- жаншуды күшейтіп, осы елдегі шындықтан қашу үшін Иранға қарсы негізсіз уәждерді талқылап отырғанын талай рет қуаттаған.

Иран әрдайым Бахрейн дағдарысын бейбіт жолмен шешуді қалап, наразы топтарды үкіметпен сұхбаттасуға шақырды. Бахрейндегі халықтың заңды талабын қолдау Иран сыртқы саясатының міндеті мен қағидасы болып табылады. Залымның алдында жәбірленгенді қорғау өзінің сыртқы саясатын алға жылжыту шеңберіндегі Иран ислам республикасының діни және адами жауапкершілігі деп аталған.

Алайда 2011 жылдың ақпан айынан Бахрейнде қалыптасқан әрекет осы елдің қоғамының ішінен шыққан халықтық революция болып табылады. Бахрейннің төңкерісшіл халқының мақсаты да бостандыққа қол жеткізу, кемсітушілікті доғару және өз елінде демократиялық билікке ие болу болып табылады. Бахрейндегі көпшілікті құрайтын шиіттерге азшылық болып табылатын Халифе әулетінің билік жүргізуі осы елдегі наразылықтардың жалғасуының негізгі факторы болып табылады. Бахрейнде диверсиялық әрекет және жарылыс атымен орын алып жатқан оқиғалардың тамыры елдің ішінде жатыр. Халифе әулеті режимінің басшылары оның себебін өз шекараларының ішінен іздестіруі керек.

Бұдан бұрын Халифе әулеті режимі Бахрейндегі басып-жаншуды күшейту үшін сылтау іздеуде деген мәліметтер жарияланған болатын. Иран оны қолдап отыр деген диверсиялық шаралар Бахрейн режимі үшін осы ел халқының революциясы үшін кеңістікті бұрынғыдан көбірек тарылтуға, сонымен қатар Бахрейн өзгерістерінің факторы елдің сыртында деп, халықаралық қауымдастықты өзіне ілестіру үшін сылтау болып саналады.

Халифе әулеті режимінің Бахрейнде басып-жаншу саясатын күшейтуге әлемдік қауымдастықты өзіне ілестіру үшін талпынуы Манама режимінің арманын жүзеге асырмаған және асырмайды да. Өйткені мәртебелі діни қайраткер әрі Бахрейн халқы революциясының рухани атасы шейх Иса Ғасемды азаматтықтан айырудың өзі әлемдік қоғамдық пікірдің Халифе әулеті режиміне қарсы ашу- ызасын тудырып отыр.

Бахрейндегі адам құқығы жағдайы тым өкінішті. Сондықтан Бахрейннің ішкі ісіне Иран араласып отыр деген негізсіз сөздер айту Халифе әулеті режиміне қауіпсіздік сыйлай алмайды. Бахрейндегі шындықты қабылдау және халықтық талапты құрметтеу Халифе әулетінің қазіргі жағдайдан өтетін жалғыз жолы болып табылады.