Түркиядағы әскери төңкеріс жеңіліске ұшырады
(last modified Sat, 16 Jul 2016 08:50:50 GMT )
Шіл 16, 2016 14:50 Asia/Almaty
  • Түркиядағы әскери төңкеріс жеңіліске ұшырады

Армия мен Түркия үкіметін жақтаушылар арасында бірнеше сағатқа ұласқан қақтығыстан соң Анкарадағы ресми қайраткерлер әскери төңкерістің жеңіліске ұшырағанын хабарлады.

«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия үкімет басшысы Бинали Йылдырым: "Жағдай толығымен бақылауға алынды. Армияның штаб басшысы мен қолбасшылар жағдайды бақылауды өз қолдарында ұстап отыр" деді.

Йылдырым сондай-ақ Түркия халқы мен партияларына бірлігі және елдегі демократияға қолдау танытуларына байланысты алғыс айтты.

Түркияның үкіметтік ақпарат агенттігі осы елдегі сәтсіз әскери төңкеріске қатысты 754- тен астам адамның құрықталғанын хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, 29 полковник пен 5 генерал лауазымынан босатылды.

Түркиядағы сәтсіз әскери төңкеріс салдарынан 60 адам қаза болып, кем дегенде 150 кісі жараланды.

Сондай- ақ Түркия үкімет басшысы Бинали Йылдырым Түркия армиясының бірінші қолбасшысы Амит Дондарды армияның лауазымынан босатылған штаб басшысы Хулуси Акардың орнына тағайындады.

Түркиядағы әскери төңкерісті ұйымдастырушы деп аталған Ердоған үкіметінің қарсыласы Фетхуллах Гюленге қарасты топ мәлімдеме жариялап, Түркияның ішкі саясатына әскери араласуды айыптады.