Түркияда барлық төңкерісшілер құрықталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11278-Түркияда_барлық_төңкерісшілер_құрықталды
Түркияның «Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, төңкеріске қатысы бар барлық әскерилер осы ел армиясының Анкара қаласында орналасқан негізгі базасында құрықталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 17, 2016 15:08 Asia/Almaty
  • Түркияда барлық төңкерісшілер құрықталды

Түркияның «Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, төңкеріске қатысы бар барлық әскерилер осы ел армиясының Анкара қаласында орналасқан негізгі базасында құрықталды.

«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия полициясы кеше, сенбі күні армияның 100-ге жуық офицерін осы елдің оңтүстік-шығыс жағындағы бір әуе базасында төңкеріс жасауға талпыныс жасады деген айыппен қамауға алған.

Осы мәлімет бойынша, бұл әуе базасы өткен бір жылда Күрдістан жұмысшылар партиясы содырларының позицияларына қарсы әуе амалдарын жүргізу үшін ең негізгі әуе база ретінде қолданылған болатын.

Сондай-ақ, Стамбұлдың Бакыркуй ауданының прокуратурасы сәтсіз төңкеріс жасаушыларға қатысты сот тергеуі аясында 140 қазы мен прокурорды қамауға алуға бұйрық берді.

Келесі бір хабарға сәйкес, Кония прокуратурасы да осы қаланың әділет басқармасында жұмыс істейтін 44 қазы мен прокурорды Фетхулла Гюленді жақтаушылар тобына (Түркия қайраткерлері оны «параллель үкімет» деп атайды) мүше болды деген айыппен құрықтауға бұйрық берді.

Грекия үкіметіндегі бір жауапты тұлға: «Грекияның Премьер-министрі Алексис Ципрас Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Грекияға қашып барған 8 түрік әскериінің сенбі күні осы елден саяси баспана сұрау өтінішін жылдам қарастыратынын айтты»,-деп мәлімдеді.