Сирияның болашағы тәкфир лаңкестермен күрес майданында қалыптасады
(last modified Mon, 18 Jul 2016 09:12:19 GMT )
Шіл 18, 2016 15:12 Asia/Almaty
  • Сирияның болашағы тәкфир лаңкестермен күрес майданында қалыптасады

Сирия Президенті: «Сирияның болашағы тәкфир лаңкестермен күрес майданында қалыптасады»,-деп баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад жексенбі күні Дамаскта Ливанның халықтық қозғалысының басшысы Наджах Вакимнің жетекшілігіндегі «Сирияның ұлттық ілгерінді майданы» делегациясымен кездесуінде: «Армия мен оның жақтастарының тәкфир лаңкестермен күрес майданындағы амалдары Сирияның болашағын қалыптастыруға көп әсер етеді.

Сирия жеріндегі қазіргі майданда бітім мен кешірімге жол жоқ, өйткені шетелдік тараптар басқаратын лаңкестерге тек армияның көмегімен қарсы тұруға болады»,-деді.

Сирия Президенті ИИР мен Ливан Хезболласының тәкфир лаңкестермен күрес майданындағы жанпидалылығына алғыс айтып: «Сирия армиясы мен оның Ресей, Иран мен Ливан Хезболласы сияқты одақтастарының әскери амалдар штабы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Ресейдің позициясы негізгі әрі маңызды»,-деді.

Ливан делегациясының мүшелері де Сирияның тәкфир лаңкестермен күрес майданында жеңіске жететіндігіне сенімділік білдіріп: «Егер Сирия халқы өзіне таңылған соғыста табандылық танытпағанда бүгінде аймақтың жағдайы басқаша болар еді»,-деп баса айтты.