Иранның аймақ елдерінің ішкі ісіне араласатыны туралы уәждер теріске шығарылды
(last modified Wed, 20 Jul 2016 08:32:40 GMT )
Шіл 20, 2016 14:32 Asia/Almaty
  • Иранның аймақ елдерінің ішкі ісіне араласатыны туралы уәждер теріске шығарылды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Араб лигасы Бас хатшысының Теһранның араб елдерінің ішкі ісіне араласуға талпынатыны туралы уәждерін теріске шығарды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сейсенбі күні Иранның аймақ елдерінің ішкі ісіне араласатыны туралы уәждерге білдірген реакциясында: «Иран әрдайым ислам әлемін аймақ пен әлемнің түйткілді жағдайын түсінуге шақырып, өңірлік елдерге сионистік режимнің басқыншылығы, терроризм мен экстремизм сияқты ортақ қауіптер жайында ескерту жасап келеді»,-деді. Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми: «Жамандық тілеушілер мен исламнан үркітушілер ислам үмбеті арасына іріткі салып, қайшылық тудыру арқылы, әсіресе шиіттер мен сүнниттер арасында ағымаралық және мазхабаралық кикілжіңдер туындатып, өршітуге тырысуда. Осылайша олар ислам елдерін қиындықтарға душар етіп, тәкфирлік лаңкестік топтар мен басқыншыларға қашу жолын тудыруды көздейді»,-деп сөзін жалғады. Ғасеми ИИР-ның ортақ сын-қатерлер алдында ислам әлемі біртұтастығының арта түсуін қалайтынын айтып: «Араб лигасының Бас хатшысы аймақтағы шындықтарды назарға ала отырып, ислам әлемін біріктіру аясында байсалдырақ талпыныстар жасауы керек»,-деді.