Лариджани: Дұшпандар секталық дағдарыс тудыруға күш салуда
(last modified Sat, 23 Jul 2016 08:30:49 GMT )
Шіл 23, 2016 14:30 Asia/Almaty
  • Лариджани: Дұшпандар секталық дағдарыс тудыруға күш салуда

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "Аймақтың қазіргі жағдайында кейбір елдер Иранмен жауласумен қоса аймақта секталық дағдарыс қалыптастыруға күш салуда" деді.

Ислам кеңесі мәжілісі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жұма күні қасиетті қорғаныс кезеңінің бір топ ардагерімен кездесуде: «Иран Ислам Республикасы аймақта жақсы қауіпсіздікке ие. Батыс Иранда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнатылғанын талай рет мойындады. Аймақтың қазіргі жағдайында Иранның қатысуынсыз аймақта қауіпсіздіктің орнамайтыны және Американың да ешқандай шабуыл жасауға батылы бармайтыны айдан анық.  

Иранның келіссөздерге қатысып, ядролық келісім жасаудағы мақсаттарының бірі экономиканы дамыту үшін кеңістік қалыптастыру болған. Қазір елге инвестиция салу үшін жағдай жасалуда.

Революциялық рухқа ие болып, қарсыласу экономикасын жүзеге асыру қазіргі жағдайдағы Иран экономикасын дамыту факторларының қатарын құрайды» деп қуаттады.