Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Халифе әулеті режимі билеушілерінің АҚШ пен Ұлыбританияның басқарушылығымен Бахрейн халқына жағымсыз қатынас көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Иранның шетелдерге хабар тарату бөлімі тілшісінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері аятолла сейіт Ахмад Хатами Бахрейндегі соңғы өзгерістер мен осы елдегі танымал рухани қайраткер шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыру мәселесіне сілтеме жасап: «Бахрейндегі билеп- төстеуші диктатор билеушілер осы елдің халқына қарсы кез- келген қылмыстан тайынбайды.
Адам құқығы қағидалары бойынша ешбір үкімет өз азаматын азаматтықтан айыра алмайды, бірақ Халифе әулеті режимі бір діни үлемнің азаматтығының күшін жойып отыр. Бұл өкінішті жайт» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ БҰҰ- ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің «Ортақ қадам» келісімінің орындалуы туралы есебін нысапсыздық деп атап: «Сионистердің қысым жасауымен есеп даярлайтын және Сауд Арабиясынан доллар алып, осы елдің атауын адам құқығын бұзушылар мен Йемендегі бейкүнә балаларды өлтірушілердің тізімінен алып тастайтын Бас хатшыдан бұдан артық нәрсені күтуге болмайды» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Түркиядағы әскери төңкеріс пен зорлықпен жеңуді де айыптап: «Түркия халқының дауысы құрметтелгендей, Сирия халқының дауысы да құрметке лайық. Палестина мен Бахрейн халықтарының дауыстары да құрметтелуі керек. Осы мәселе Иран Ислам Республикасы жүйесінің негізгі ұстанымы болып табылады» деді.