Иран СІМ Сирияның Қамышлы қаласында болған жарылыстарды айыптады
Иран СІМ Сирияның бір топ азаматының өіліміне соқтырған Сирияның Қамышлы қаласында болған жарылыстарды айыптады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні бір топ Сирия азаматының өіліміне соқтырған Сирияның солтүстігіндегі Қамышлы аймағында болған жарылыстарды айыптап, осы оқиғада құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдірді.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сөзінің жалғасында лаңкестік құбылысын аймақтық және әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы ортақ қауіп деп атап: «Аймақта лаңкестік дағдарысын жеңу үшін тәкфирлік әсірешілдік идеялардың тамырын құрту керек» деді.
Сирияның солтүстігінде орналасқан Қамышлы қаласында болған қуатты жарылыстан 50 адам қаза болып, 100- ден астам кісі жараланды.
ДАИШ лаңкестік тобы осы жарылыстың жауапкершілігін мойнына алды.