Башар Асад Сирия халқын әріптестікке шақырды
(last modified Fri, 29 Jul 2016 10:38:17 GMT )
Шіл 29, 2016 16:38 Asia/Almaty
  • Башар Асад Сирия халқын әріптестікке шақырды

Сирия Президенті Башар Асад өз елінің халқынан лаңкестіктің тамырына балта шабу үшін армияға қолдау көрсетуді сұрады.

Сирия Президенті әкімшілігінен таралған мәлімдеме бойынша, Башар Асад бейсенбі күні: «Лаңкестердің бір отан, өркениет, ұлт пен болмыс ретіндегі Сириядан көздеген мақсаттары айқындалғаннан кейін СирияСирия Президенті әкімшілігі жариялаған мәлімдеме бойынша, Башар Асад бейсенбі күні: «Лаңкестердің бір отан, өркениет, ұлт пен болмыс ретіндегі Сириядан көздеген мақсаттары айқындалғаннан кейін Сирия армиясы лаңкестіктің тамырына балта шабуға бел буып отыр. Ұлттық бітім – қатігездікті тоқтатуға бағытталған маңызды жол, бұл сириялықтар үшін қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтару деген мағынаны білдіреді. Башар Асад баршадан қаруды тастап, өз отандарына қайтуды сұрайды» деп қуаттаған.  армиясы лаңкестіктің тамырына балта шабуға бел буып отыр»,-деп қуаттады.

Осы мәлімдемеде: «Ұлттық бітім – қатігездікті тоқтатуға бағытталған маңызды жол, ал сириялықтар үшін қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтару деген мағынаны білдіреді»,-делінген.

Сирия Президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде: «Башар Асад баршадан қаруды тастап, өз отанына қайтып оралуды сұрайды. Сол кезде олар Сирияның бұрынғыдай барлығын жылы шыраймен құшағына алатынын түсінеді»,-делінген.