Сирия армиясы Алеппо қаласын толығымен өз қоршауына алды
(last modified Fri, 29 Jul 2016 10:48:54 GMT )
Шіл 29, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы Алеппо қаласын толығымен өз қоршауына алды

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының осы ел күштерінің толық қоршауына алынғанын хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның өкілі Стаффан де Мистура Алеппода құрлықтағы қақтығыстардың жалғасып жатқанын, бұл қаланың сириялық күштер тарапынан толық қоршауға алынғанын айтып, БҰҰ-ның осы елдің қарапайым халқына көмек жеткізуге күш салып жатқанын айтты.

Осындай жағдайда Қызыл крест халықаралық комитетінің Таяу Шығыс амалдары бөлімінің басшысы Роберт Мардини Алепподағы қарапайым халықтың жағдайына алаңдаушылық білдірді. БҰҰ бұрын Алеппода қарапайым адамдардың лаңкестер тарапынан жаппай қырылғанына қатысты жақ ашпаса да, қазір Алеппо сириялық күштер тарапынан қоршауға алынған кезде қарапайым халықтың жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал Алеппоның қоршауға алынуы лаңкестердің өздерінің ең маңызды әрі ең соңғы базасында жеңіліске ұшырағанын білдіреді.