Ливан Хезболласының бас хатшысы осы топтың дұшпандармен күресетінін қуаттады
(last modified Sat, 30 Jul 2016 15:59:50 GMT )
Шіл 30, 2016 21:59 Asia/Almaty
  • Ливан Хезболласының бас хатшысы осы топтың дұшпандармен күресетінін қуаттады

Ливан Хезболласының бас хатшысы барлық қысымдарға қарамастан Хезболланың дұшпандармен күресетінін қуаттап отырғанын айтты.

Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жұма күні Ливанның оңтүстігінде қарсыласудың күрескер қолбасшысы «Әбу- Халил» деп танымал болған шәһид Исмаил Зәхриді еске алу рәсімінде Хезболла жауынгерлерінің жанкештіліктерін сионистік жау мен тәкфирлік лаңкестердің астыртын әрекеттерінің сәтсіздігіне себепкер деп атап: «Дұшпанның астыртын әрекеттеріне қарамастан Палестина бұрынғысынша ислам елдерінің басты бағдары болып табылады.

Қазіргі кезде арабтардың жағдайындағы ең жаман өзгеріс – осыған дейін жасырын болып, қазір әшкереленіп отырған саудиялықтар мен израильдіктердің байланысы.  

Сауд Арабиясы мен Израильдің қарым- қатынасын қалпына келтіруі үлемдер, зиялы қауым және саяси топтар тарапынан айыпталуы керек» деді.