Сирия армиясының терроризмді жоюға күш-қуаты жетеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12064-Сирия_армиясының_терроризмді_жоюға_күш_қуаты_жетеді
Сирия Президенті өз елі армиясының терроризмді жоюға күш-қуатының жететіндігіне сенім білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 01, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Сирия армиясының терроризмді жоюға күш-қуаты жетеді

Сирия Президенті өз елі армиясының терроризмді жоюға күш-қуатының жететіндігіне сенім білдірді.

Сирия Президенті Башар Асад осы ел армиясының құрылған күніне орай  жасаған жолдауында осы күштердің лаңкестікпен күрес жолындағы жетістіктеріне тоқталып: «Сирия армиясы лаңкестікпен күресте күш-қуатпен әрекет етіп, өзінің қарым-қабілетін дәлелдеді»,-деді.

Башар Асад Сирияның өз тарихындағы ең маңызды кезеңді бастан өткеріп жатқанына тоқталып, жеңіске жетіп өз еліне жарқын болашақ жасау үшін халықты төзімділікке, армияны табандылыққа шақырып:

«Сирия армиясы тарихи тамыры терең орган ретінде  елдің қауіпсіздігі мен біртұтастығын қорғау жолында әрдайым алғы шептен көрінді. Сириялық күштердің лаңкестік топтармен соғыстағы ілгерілеушілігі кездейсоқтық емес, керісінше олардың күш-қуаты мен бастамашылдығының айқын дәлелі болып табылады»,-деді.