Иранның парламенттік делегациясы Ливан Хезболласының Бас хатшысымен кездесті
(last modified Wed, 03 Aug 2016 11:40:45 GMT )
Там 03, 2016 17:40 Asia/Almaty
  • Иранның парламенттік делегациясы Ливан Хезболласының Бас хатшысымен кездесті

Иранның парламенттік делегациясы Ливан Хезболласының Бас хатшысымен кездесуінде екіжақты қарым-қатынас, аймақтағы маңызды мәселелер мен өзгерістерді талқылады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі әрі Бейрутке сапар шеккен Иранның парламенттік делегациясы мүшесі Хаджер Ченарани: «Сейсенбі күні осы делегацияның Ливан Хезболласының Бас хатшысы сейіт Хасан Насролламен өткен отырысында аймақтық жағдай, әсіресе Ирак, Сирия, Бахрейн мен Түркияның жағдайы талқыланды»,-деді.

Ченарани Иранның Таяу Шығыс аймағында қауіпсіздік орнатуда сындарлы рөл атқара алатындығына тоқталып: «Ливан Хезболласының Бас хатшысымен сұхбаттың негізгі өзегі аймақтың әртүрлі елдері қауіпсіздік саласына қажетті тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Иранның қауіпсіздік саласындағы тұрақтылығын аймақ елдеріне тарату мәселесі болды.

Аймақтағы жағдай қарсыласу майданының мүддесіне сай өрбіп отыр. Бұл жағдайда дұшпандардың аймақтың тұрақтылығын бұзуға бағытталған стратегиясы жеңіліс табады»,-деді.