Израиль палестиналық балаларды тұтқындауды заңдастырады
(last modified Thu, 04 Aug 2016 10:21:59 GMT )
Там 04, 2016 16:21 Asia/Almaty
  • Израиль палестиналық балаларды тұтқындауды заңдастырады

Израиль палестиналық балаларды қамауды  заңдастырады.

 «Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің парламенті – Кнессет осы режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының жалғасында 14 жасқа дейінгі палестиналық балаларды түрмеге қамау заңының алғашқы нұсқасын мақұлдады.

Сионистік режимнің парламенті осы заңды палестиналық балалар израильдік әскерилерге шабуыл жасауға талпыныс жасайды деген желеумен бекітті.

Сионистік режим өткен жылы қазан айында Құдс Интифазасы басталған кезден түрлі шешімдер қабылдап, шаралар қолдану арұылы Құдс интифазасы мен Палестина қарсыласуның алдын алуға талпыныс жасады. Алайда осы талпыныстардың барлығы сәтсіздікке ұшырап, интифаза әлі жалғасуда.

БҰҰ- дағы Палестина өкілдігінің уақытша басқарушысы Надие Рәшид: «Палестиналық балаларға сионистік режимнің қырғын салуы мен лаңкестік шараларының қатері төніп тұр. Құдс интифазасы басталғаннан бері 40- тан астам палестиналық бала шәһид болды» деді.