Иран қарсыласу өзегін тағы да қолдады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Иран ислам республикасының қарсыласу өзегін одан әрі қолдайтынын қуаттады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алаоэддин Бружерди сәрсенбі күні Дамаскте Сирия ұлттық мәжілісінің төрағасы Һедие Аббаспен кездесуде: «Иран парламенттік делегациясының Сирияға сапары Иран ислам республикасының Сирия үкіметі мен халқына қайтадан қолдау көрсету мақсатын көздейді» деді.
Бружерди сондай- ақ Сирияның үкімет басшысы Имад Хамиспен кездесуде: «Иран ислам республикасы Сирия дағдарысынан шығатын шешім жолына қол жеткізу үшін «сириялық- сириялық» келіссөзді қолдайды» деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы БҰҰ- ның Сирия дағдарысын шешу жөніндегі ұстанымын сынап,
Сирия келешегінің осы ел халқының қолымен шешілуіне үміт білдірді.