Асад лаңкестік топтарды демеушілерді сынады
(last modified Fri, 05 Aug 2016 11:17:29 GMT )
Там 05, 2016 17:17 Asia/Almaty
  • Асад лаңкестік топтарды демеушілерді сынады

Сирия Президенті кейбір елдердің терроризмді қолдауын аймақ пен әлемде тынышсыздық пен лаңкестіктің таралуының басты факторы деп атады.

«Al-Alam» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад бейсенбі күні Дамаскта Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алауэддин Бруджердимен кездесуінде Сирия әскерінің лаңкестікпен күрестегі жеңістерін Сирия халқының қарсыласу жолындағы сәттілігінің факторы деп атап: «Терроризмді қолдау тоқтатылуы тиіс»,-деп баса айтты.  

Башар Асад Сауд Арабиясы мен Түркияның  Сирия дағдарысы кезіндегі бұзушы-бүлдіруші рөлі мен осы екі елдің лаңкестерді қолдауын сынап: «Бүгінде Түркиядағы төңкеріс пен Сауд Арабиясының аймақтық майдандарда, соның ішінде Ирак, Сирия, Ливан мен Йеменде бірінен соң бірі жеңіліс табуы аймақ халықтарының  мүдделеріне қайшы әрекет ететін елдердің әрдайым тығырыққа тірелетінін көрсетті»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының  төрағасы Алауддин Бруджерди де осы кездесуде: «Сирияның лаңкестерге қарсы жеңістері аймақ пен әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда шешуші рөл атқаратын болады»,-деді.