Сирия армиясы лаңкестерді тықсырып қуып барады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12418-Сирия_армиясы_лаңкестерді_тықсырып_қуып_барады
Сирия армиясының күштері осы елдің батысындағы Лазакия облысының тағы бір ауданын лаңкестердің қолынан азат етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 07, 2016 17:10 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы лаңкестерді тықсырып қуып барады

Сирия армиясының күштері осы елдің батысындағы Лазакия облысының тағы бір ауданын лаңкестердің қолынан азат етті.

«Al-Alam» ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Сирия армиясының күштері сенбі күні өз одақтасы күштерінің көмегімен Лазакия облысында орналасқан Кинсабаның оңтүстік-шығысындағы Шалаф қамалын тәкфиршіл лаңкестердің қолынан азат етіп, Дамаск облысының шығысында үш бағытта  ілгеріледі.

Бұл ілгерілеушілік Сирияның оңтүстігіндегі Дума стратегиялық аймағына жетуге жол ашты.

Осындай жағдайда Сирия армиясы Лазакия облысының Кинсаба бағытындағы амалдар барысында ондаған лаңкестің көзін жойды.

Сирия армиясы басқа бір амалда әл-Мазамия қаласының батысынан бір шақырым жерге дейін ілгерілеп, лаңкестерді Дамаск облысындағы Дераа ауданынан толығымен қуып шықты.

Осы мәлімет бойынша, Сирия армиясының Дамаскқа кіреберіс аудандардағы жеңістері әлі жалғасуда.