Бахрейнде рухани қайраткерлерді құрықтау жалғасуда
Там 08, 2016 05:53 Asia/Almaty
Халифе әулеті режимінің күштері Бахрейн халқына қарсы басып-жаншу шараларының жалғасында үш рухани қайраткер мен осы ел парламентінің бұрынғы бір депутатын құрықтады.
Халифе әулеті режимінің күштері бахрейндік үш рухани қайраткер – «әл- Хиф» мешітінің имамы шейх Иса Мүмінді, шейх Фазел әл- Заки мен шейх Әли Наджиді құрықтады. Бахрейн күштері сондай- ақ Бахрейн парламентінің бұрынғы депутаты Әли әл- Ашириді де құрықтады.
Бахрейн халқы Манаманың батысында «әл- Дираз» аймағында Халифе әулеті режиміне қарсы шеруге шығып, Халифе әулеті режиміне қарсы ұрандар айту арқылы рухани қайраткерлерді құрықтауды айыптап, олар мен Бахрейндегі барлық саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруды қуаттады.
Тегтер