Сионистік қалашықтардың тұрғындары палестиналық мүгедек баланы ұрып-соқты
Израильдіктердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының жалғасында сионистік қалашықтардың тұғындары Иордан өзені батыс жағалауының оңтүстігінде әл- Халилде палестиналық мүгедек баланы ұрып-соқты.
Ливанның «әл- Аһд» ақпарат торабының мәлімдеуінше, 9 жастағы палестиналық мүгедек бала Юсеф Абдоррахман әл- Раджабиді әл- Халил қаласының орталығындағы әл-Саһле аймағында сот мекемесінің маңында бір топ қалашық тұрғындары соққыға жығып, жаралады.
Өзге бір мәлімет бойынша сенбі күні кешке палестиналықтар мен сионист басқыншылар арасында Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде орналасқан Наблуста болған қақтығыстардан 13 палестиналық азаматтың жараланғаны белгілі болды.
Сионист басқыншылар қақтығыс барысында палестиналықтарға оқ пен көзден жас ағызатын газ атты. Соның салдарынан бірнеше адам жараланып, көптеген адам көзден жас ағызатын газдан зардап шекті.
Сондай- ақ осы қақтығыстар барысында бір сионист әскери жараланды.