Башар Асад атысты тоқтату үшін шарт қойды
(last modified Mon, 22 Feb 2016 09:53:46 GMT )
Ақп 22, 2016 15:53 Asia/Almaty
  • Башар Асад атысты тоқтату үшін шарт қойды

Сирия Президенті Башар Асад елінде атысты тоқтатуға дайындығын жариялап: «Сириядағы атыс барлық тараптар соған табанды болған жағдайда ғана тоқтатылады»,- деді.

Башар Асад осы кезге дейін Сирия халқының басына соғыс, тынышсыздықтар және босқындық мәселелерін тудырған қастандықтарға тоқталып: «Атыс тоқтатудың келесі шарты лаңкестерге әскери көмек жіберуді, сондай-ақ Түркия, араб және Батыс үкіметтерінің оларға көрсетіп отырған қолдауларын тоқтату»,- деп қуаттады.

2011-ші жылы Сирияда наразылықтар басталғаннан бері дүниежүзінің 80 мемлекеті Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетіп, тікелей қаржы мен қару-жарақ жіберіп, адами күштерді де аттандырды. Мұндай қолдаулар Сирия халқының босқындық пен үйсіздік мәселесі және соғысқа душар болуына себеп болды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мюнхен келісімі орындалып, жақын арада Сирияда атыс тоқтайды деп үміттенгенімен, деректер бұл үдерістің әлі кешеуілдеп жатқанын көрсетуде. Мюнхен отырысына қатысқан 17 мемлекет пен 3 халықаралық ұйым атысты тоқтату және соғыс өртіне шырмалған сириялық халыққа жедел жәрдем керуендерін жіберу туралы келісті. Бірақ Женева келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырауымен Сирияға тыныштықтың оралуы қайтадан беймәлім күйде қалды.

«Женева 3» келіссөздерінің тоқтауымен әлем Сирияда уақытша атыс тоқтатылып, БҰҰ-ның бақылауында келіссөздерді қайтадан бастауға жол табылады деп үміттенуде. БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі «Женева 3» келіссөздерін жалғастырудың мүмкін еместігін, оның Сириядағы қақтығысып жатқан тараптарды белгіленген уақытта келіссөздер үстеліне әкеле алмайтынын, келіссөздердің іс жүзінде тұйыққа тірелгенін жариялады.

Женева отырысы Сауд Арабиясы мен Түркияның қастықтарымен тығырыққа тіреліп, атысты тоқтату қиындады. Батыс-араб-Түркия үштігінің әскери ұстанымдары мен ДАИШ пен Ән-Носрат такфіршіл лаңкестерді қолдап, Сирияның бес жылға созылған дағдарысын шешуге қатысты халықаралық талпыныстарға шынайы кедергі тудырды. Мюнхен отырысымен тұспа-тұс Түркия Сирияның солтүстігіндегі лаңкестердің қатарын нығайту үшін жүздеген қарулы лаңкестің алдынан өз шекарасын ашып, атысты тоқтату үдерісін жаңа қиындықтармен бетпе-бет келтірді.

Осы кезде халықаралық талпыныстарға қарамастан сириялық қарсыластар шетелдіктердің қолдауларымен соғысты жалғастыруды қуаттап, Сириядағы соғысты тоқтатпайтындықтарын айтты. Мұндай жағдайда қарсыластар әскери жолмен өз мақсаттарына жетуді мақсат етіп, Сириядағы саяси келіссөздерге вето қойды деп айтуға болады. Батыс ашық түрде Сирияның ішкі істеріне араласып, елдің жағдайын шиеліністірді. Олар бір жақтан Сирияда атыс тоқтату туралы айтып, басқа жақтан бұл елдегі лаңкестерді қолдап, соғысты жалғастыруда. Сондықтан Дамаск басшыларының атысты тоқтату дайындығына қарамастан, лаңкестер мен қарсылас ағымдардың атыс тоқтатуға табанды болмауы бұл істің жүзеге асырылуы жолындағы бөгет болып тұр.