Аятолла Амоли Лариджани: Лаңкестерге мүмкіндік берілмейді
(last modified Tue, 09 Aug 2016 15:58:26 GMT )
Там 09, 2016 21:58 Asia/Almaty
  • Аятолла Амоли Лариджани: Лаңкестерге мүмкіндік берілмейді

Иран Сот билігінің төрағасы ислам республикасының лаңкестерге және лаңкестік шараларға тосқауыл қою үшін шынайы талабын хабарлады.

Сот билігінің қоғамдық қатынастар бөлімінің мәлімдеуінше, Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Сот билігінің жоғары мәртебелі басшыларының отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран ислам республикасы лаңкестерге лаңкестік әрекет жасауға мұрсат бермейді және халықтың қауіпсіздігін еш нәрсеге айырбастамайды»  деді.

Иран Сот билігінің төрағасы Иранда лаңкестік топтың бірнеше мүшесінің өлім жазасына берілуі жөніндегі кейбір халықаралық реакциялар мен осы шараны адам құқығына қайшы деп атауына сілтеме жасап: «Осындай реакциялар лаңкестікке тосқауыл қоюдағы Батыстың екіұшты және қарама-қайшы қылықтарының жалғасы» деді.

Аятолла Амоли Лариджани Иранда лаңкестердің өлім жазасына берілуін заңды және шариғатқа сәйкес деп атап: «Шетелдегі революцияға қарсы кейбір ұйымдардың уәждеріне қайшы бірнеше лаңкестің өлім жазасына берілуінің  шиіт пен сүннит тақырыбына еш қатысы жоқ. Ол лаңкестік мәселесі. Оған шариғат пен заң шеңберінде Сот билігінің әдеттегі тәсілімен тосқауыл қойылды» деді.