Иран Сирияға консультациялық көмек көрсетуді жалғастыруда
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы Иранның Сирияға консультациялық көмек көрсетуді жалғастырып жатқаны туралы хабарлады.
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы Мұхаммадәли Джафари: «Ислам республикасы әскери кеңесшілер жіберуімен бірге Сирия әскерін үйретіп, күшейту ісіне белсенді қатысуда. Исламның дұшпандарымен, әсіресе Израильдің қастықтарымен бетпе-бет келіп, зорлық-зомбылық көріп отырған халықтарды қорғау Иранның міндеті болып табылады, бірақ аталмыш халықтар немесе олардың үкіметтері ИИР-нан көмектесуді сұраған жағдайда ғана»,- деді.
Джафари дұшпанның қоқан-лоққыларына Иранның жауап қайтару күші туралы: «ИИР өзінің жоғары стратегиялық күшімен дұшпанның қоқан-лоққыларынан өтті»,- деп қуаттады.