Иран Сыртқы істер министрі Түркия президентімен кездесті
(last modified Sat, 13 Aug 2016 07:37:09 GMT )
Там 13, 2016 13:37 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Түркия президентімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Анкарада Түркия президентімен кездесіп, әңгімелесті.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше жұма күні Түркия қайраткерлерімен кеңесу және сұхбаттасу үшін бір делегацияны бастап Анкараға келген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, екі жақты, аймақтық және халықаралық ең маңызды мәселелер туралы сұхбаттасып, ой бөлісті.

Мұхаммад Джавад Зариф сондай- ақ Түркияға келген бетте өзінің түрік әріптесі Мевлут Чавушоглумен кездесіп, бірлескен ақпарат отырысына қатысты.

Зариф осы бірлескен ақпарат отырысында екі елдің байланысын мықты және ауқымды деп атап, қос жақты ынтымақтастықтарды ұлғайтуға мүдделік танытты.

Иран Сыртқы істер министрі Түркия Сыртқы істер министрімен бірге осы елдің президент сарайы ғимаратының ауласындағы мешітке барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және үкімет басшысы Бинали Йылдыриммен бірге жұма намазға қатысты.

Иран Сыртқы істер министрінің Анкараға жасаған сапары 15- ші шілдедегі осы елдегі сәтсіз әскери төңкерістен кейінгі Иранның жоғары мәртебелі қайраткерінің тұңғыш сапары болып табылады.

Иран Түркиядағы сәтсіз әскери төңкерісті айыптап, осы елдің үкіметі мен халқын қолдады.