Теһранда Таяу Шығыстағы ең үлкен кейтеринг ашылды
Там 14, 2016 21:06 Asia/Almaty
Таяу Шығыстағы ең үлкен кейтеринг Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахундзаде мен Иран темір жол компаниясының атқарушы директоры Мохсен Пурсеид Ағайи және Теһрандағы Австрия елшісі Фридрих Штифттің қатысуымен ашылды.
Осы кейтерингтің бірінші фазасы тәулік бойы ирандық және шетелдік түрлі тағамдармен 40 мың адамға тағам өндіру мүмкіндігімен пайдалануға берілді. Кейтеринг деп бір мекенде түрлі тағам мен сусын дайындап, соларды басқа мекендерде ұсыну өнеркәсібіне айтылады. Бұл көбінесе жолаушы тасымалдау өнеркәсібінде: ұшақ пен поезда, жолда қолданылады.
Тегтер