Сирияға қатысты қауіпсіздік саласындағы хабарлар
ДАИШ лаңкестері Сирияның солтүстігіндегі Халеб облысының Манбидж қаласынан шыққан соң мыңдаған сириялық босқын өз қаласына оралды.
«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Демократиялық Сирия коалициясы күштеріне қарасты Манбидж әскери кеңесінің ақпарат хатшысы босқындардың отбасылары мен үй жиһаздарын тиеген жүздеген көліктің оларды уақытша қоныстанған лагерлерден Манбидж қаоасына көшіріп жатқанын айтты.
ДАИШ тәкфирлік лаңкестері сондай- ақ сенбі күні Манбидж қаласынан кері шегіну кезінде кепілдікке алып, адам қалқаны ретінде пайдаланған жүздеген әскери емес азаматты босатты.
Манбидж қаласы жұма күні екі ай қақтығыстан кейін толығымен Демократиялық Сирия коалициясы күштерінің қарамағына өтті. Демократиялық Сирия коалициясы арабтар мен Сирия күрдтерінен құралған.
Сириялық қырғи ұшақтар сондай- ақ Сирияның шығысында Дейр-эз-Зор аймағында ДАИШ лаңкестік тобының керуенін бомбалады. Соның нәтижесінде бір топ лаңкестің көзі жойылды.
Сондай- ақ лаңкестік топтардың Халебтің тұрғын аймақтарына миномет және зымыранмен жасаған шабуылынан 9 бейбіт азамат қаза болып, 22 кісі жараланды.