Жаһангиридің 33 күндік соғыстың жылдығына байланысты Ливанның үкімет басшысына үндеуі
ИИР президентінің бірінші орынбасары Ливанның үкімет басшысына құттықтау жолдап, осы ел халқының 2006 жылғы 33 күндік соғыстағы жеңісін Ливан халқы, араб әлемі және бостандық сүйгіш өзге ұлттар тарихындағы мақтаныш деп атады.
Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири бүгін, жексенбі күні Ливанның үкімет басшысы Таммам Саламға осы ел халқының сионистік режиммен соғыстағы жеңісінің оныншы жылдығына байланысты жолдауында: "Жеңіске Ливан халқының тілеулестігі мен үкімет қайраткерлерінің бірлігі мен тұтастығы және қарсыласу қозғалысы жауынгерлерінің күрескерлігінің арқасында қол жеткізілді" деді.
ИИР президентінің бірінші орынбасары осы жолдауда Ливан үкіметі мен халқы үшін табыс пен абырой тіледі.
Сионистік режимнің армиясы 2006 жылы 12- ші шілдеде Ливанға 33 күн бойы шабуыл жасап, осы мерзімде өзінің ешбір мақсатына қол жеткізбеді.