Сионистік қалашықтардың тұрғындары «әл- Ақса» мешітін қорлайтын әрекеттерін жалғастыруда
Ақп 22, 2016 22:08 Asia/Almaty
Сионистік режим қалашықтарының тұрғындары осы режим әскерилерінің жаппай қолдау көрсетуінің арқасында «әл- Ақса» мешітін қорлау әрекеттерін одан әрі жалғастыруда.
Сионистік режимнің әскерилері дүйсенбі күні де «әл- Ақса» мешітінің төңірегінде қатаң қауіпсіздік шараларын қолданып, қалашықтардың тұрғындарының осы мешітке кіруіне жол ашты. Қалашықтардың тұрғындары «әл- Ақса» мешітінің ауласына кірген соң палестиналықтар мен сионист әскерилер арасында қатты қақтығыс болды. Сионист әскерилер 2015 жылғы қазан айында үшінші Құдс интифадасы басталғаннан осы уақытқа дейін 180- нен астам палестиналықты шәһид етіп, көптеген адамды жаралап, құрықтады.
Тегтер