Саудиялық әскери базалар «Зілзал-2» зымырандарының нысанасына алынды
(last modified Tue, 16 Aug 2016 11:01:17 GMT )
Там 16, 2016 17:01 Asia/Almaty
  • Саудиялық әскери базалар «Зілзал-2» зымырандарының нысанасына алынды

Йемендік күрескерлер әлі де саудиялық әскери базаларды «Зілзал-2» зымырандарының нысанасына алуда.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, йемендік күштер саудиялық әскерилердің позицияларына қарымта шабуылдарының жалғасында дүйсенбі күні Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Асирде саудиялық әскерилер  шоғырланған жерге  «Зілзал-2» зымыранын атты.

Йемен армиясы мен халықтық күштері, сондай-ақ, Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизанда орналасқан әл-Маазаб әскери базасына «Сорхе» зымыранын атты.

Саудиялық әскерилердің позицияларына жасалған осы зымырандық шабуылдардың адам шығыны мен зияндары жайлы ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Йемендік күштер саудиялықтардың көбіне әскери емес аймақтарға жасаған қанды шабуылдарының есесін қайтару үшін саудиялықтардың әскери базалары мен жалдамалы күштер жиналған орталықтарды зымырандық шабуылдардың нысанасына алады.