Ирак Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Шамханимен кездесті
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Аймақтың кейбір мемлекеттері дінаралық қайшылықтар өртін лаулатқысы келеді»,- деді.
ИРНА-ның мәліметінше, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сейсенбі күні Ирак Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Фалех Фаязбен Теһрандағы кездесуінде дұшпандардың исламдық елдерді жіктеу әрі әлсірету мақсатындағы қастықтарына тоқталып: «Өткен жылдар бойы және сәтсіздіктерін қабылдап, лаңкестер артқа шегінуге мәжбүр болған жағдайда кейбір Батыс мемлекеттері атысты тоқтатуды ұсынуда, Керісінше бейкүнә халық қырылған кезде үнсіздік танытады. Ирак үкіметі көмек сұраған жағдайда Теһран лаңкестердің қатерін толық жою үшін кеңес беріп, көмек жіберуге дайын»,- деді.
Ирак Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі де Иранның Ирактың лаңкестік топқа қарсы ұстанымын қолдауына алғыс айтып: «Ирак қауіпсіздіктің орнатылуына қайшы келетін және кейбір мемлекеттер мен олардың елшіліктерінің араласу істеріне реакция білдіріп, Иракты қатерге тіреп, бұл елдің жіктелуіне соқтыратын әрекеттермен кесімді түрде күреседі»,- деді.