Йеменнің саяси жоғары кеңесі төрағасының миллиондаған халық жиналған жиналыста сөйлеген сөзі
Йеменнің саяси жоғары кеңесінің төрағасы кеңестің осы ел халқының қалауымен құрылғанын қуаттады.
Йеменнің саяси жоғары кеңесінің төрағасы Салех әл- Самад сенбі күні Йеменнің астанасы Санадағы «әл- Сабин» алаңында йемендіктердің миллиондық басқосуында осы кеңестің құрылуын Йемен халқының талабын жүзеге асыру деп атап, армия мен халықтық комитеттердің халықтың қолдауымен шапқыншы саудиялықтармен шайқасып жатқанын мәлімдеді.
Әл- Самад Йемен демократиясына сілтеме жасап, Йемен халқының Саудия шапқыншыларын жеңетіндігін баса айтып: «Осы кеңес Йемен халқының көмегімен елді басқарып, қазіргі жағдай мен экономиканы ретке келтіре алады» деді.
Йеменнің түрлі қалаларының мыңдаған тұрғыны осы елдің тарихында бұрын-соңды болмаған шарада Йеменнің саяси жоғары кеңесін қолдап, Йеменнің Сана қаласындағы «әл- Сабин» алаңы мен оның айналасындағы көшелерде өткен ауқымды шерулерге қатысып, Сауд әулеті режиміне қарсы ұрандар айтты.
Йемен парламентінің депутаттары өткен сенбі күні мәжіліс құрып Ансаролла қозғалысы мен Йемен халықтық конгресінен құралған саяси жоғары кеңес құруды растап, оған оң дауыс берді. Осылайша Йемен парламенті саяси жоғары кеңес құру жобасын бекітті.