Ирак Парламентінің төрағасы Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасымен кездесті
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы шиіттер мен сүнниттерге кез-келген қайшылықтан бас тартуға шақырды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджани жексенбі күні Теһранда Ирак Парламентінің төрағасы Салим әл-Жабуримен кездесіп: «Шиіт пен сүннит қайшылықтары қоғамда мазхабтық жауластықтарды арттырады. Бұл тек ислам дұшпандарының мүддесіне сай келеді»,-деді.
Аятолла Хашеми Рафсанджани Ирак басшыларына: «Лаңкестер жойылғаннан кейін елде ішкі қайшылықтар жалғаса беретін болса, Саддам сияқты диктатордың билікке келуіне жағдай жасалады. Ол өз билігін арттыру үшін Иракты отаршылдардың қолына беретін болады»,-деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Сауд Арабиясындағы жаңа билеушілердің ақылға сыймайтын әрекеттеріне өкініш білдіріп: «Алла үйінің түндігін ұстаушымыз деп уәж айтатындар ислам үмбетінің орасан зор байлығын мұсылмандарды өлтіруге жұмсайды»,-деді.
Ирак Парламентінің төрағасы Салим әл-Жабури де осы кездесуде: «Лаңкестікті жеңу үшін ислам елдері, әсіресе аймақ елдері, соның ішінде көршілес елдер жұмыла әрекет етуі керек»,-деді.