Там 24, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Түркия әскері Сирияның солтүстігіне әуеден және артиллериямен шабуыл жасады

Түркия әскерінің қырғи ұшақтары Сирияның солтүстігіндегі Алеппо обылысындағы Джараблес қаласын бомбалады.

Түркияның «Анадолы» ақпарат агенттігінің мәліметінше, сәрсенбі таңертең Түркия әскери ұшақтарының Алеппо  облысындағы Джараблус қаласын  бомбалауымен бір мезгілде Түркияның артиллериясы  да осы аймаққа оқ жаудырды.

Бұл шабуылдың мақсаты   лаңкестік топтарды аймақтан шығару деп жарияланды. Түркияның арнайы күштері Сирия жеріне кірген көрінеді. Бұл Түркия әскери ұшақтарының Сирия дағдарысының басталуынан бергі өткен алты жылдағы бірінші шабуылы.

Сирия үкіметі осы уақытқа дейін бұл әрекетке реакция білдірмеді. Бірақ бұдан бұрын түрік күштері лаңкестікпен күресуді сылтауратып, Ирактың солтүстігіне кірген кезде  Бағдаттың реакциясымен бетпе-бет келген болатын.

 

Тегтер