Там 27, 2016 22:44 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының оңтүстігінде 8 саудиялық әскери қаза тапты

Йемен армиясы мен Ансаролладан тұратын осы елдің ортақ күштері Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі биіктіктерде ілгерілеп, 8 саудиялық әскериді өлтірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің ортақ күштері жұма күні Сауд Арабиясының Асир ауданында орналасқан әш-Шибани биіктіктерін басып алды.

Йемен армиясының ақпарат тарату орталығы: «Йемен күштері осы амалда саудиялық күштердің күзет орталықтарын жойып, әскери көліктер мен құрал-жабдықтар сияқты көптеген заттарды олжалады»,-деп хабарлады.

Саудиялық режимнің әскерилері йемендік күштердің ілгерілеуімен өз орталықтарын тастап қашты.

Сонымен қатар Йемен армиясының зымырандық бөлімшелері мен халықтық комитеттері жұма күні Наджран мен Джизан аудандарындағы Сауд режимінің соғыс құралдары мен күштері орналасқан бірнеше ауданын зымыран және зеңбірекпен шабуылдады. Соның салдарынан бірқатар саудиялық сарбаз қаза болды немесе жараланды.  

Тегтер