Балалар – Сирия апатының құрбандары
Балалар – Сирия дағдарысының негізгі жазықсыз құрбандары, өйткені олар соғысты тудыру мен таратуда ешқандай рөл атқармаса да, басқа топтардан көбірек осы апаттан зардап шегіп отыр.
БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энтони Лейк Алепподағы гуманитарлық жағдайға тағы да алаңдаушылық білдіріп: «100 мыңнан астам бала шілде айының басынан бастап Алеппо қаласының шығыс аудандарында соғысқа ұшырап отыр. 35 мыңнан астам адам батыс аудандардан көшіп кетті»,-деп хабарлады.
Сирия 2011 жылдың алғашқы айларын араб елдерінің көбі сияқты үкіметке қарсы наразылықтармен бастады, алайда Сирияның халықтық наразылықтарға ұшыраған басқа елдерден екі маңызды айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық Сирияның географиялық жағдайы мен оның Батыс Азия аймағындағы саяси орнына қатысты болды.
Сирия – сионистік режим, Ирак, Иордания, Түркия және Ливан елдерімен шекаралас. Бұл елдердің әрқайсысы аймақтық және трансаймақтық алпауыттар үшін өте маңызды. Сирияның Батыс Азия аймағындағы саяси орны бұл елдің географиялық жағдайымен бірдей маңызды. Өйткені Сирия – Таяу Шығыстағы үстемшілдікке қарсы қарсыласу қозғалысының басты өзектерінің бірі. Осы екі фактор Сириядағы үкіметке қарсы наразылықтардың қарсыласу өзегіне қарсы елдердің, әсіресе Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Түркия, Катар мен Израиль режимінің араласуымен лаңкестік топтардың қатысуындағы халықаралық соғысқа айналуы үшін жеткілікті болды. Бұл соғыс бес жылдан астам уақыттан кейін Сирияның облыстары мен қалаларының көбінен тек үйінді мен қиранды қалған жағдайда аяқталды. Қоғамдық және коммуникациялық инфрақұрылымдар жойылды. 11 млн-нан астам адам елдің іші мен шет елдерге босып кетті. Жүздеген мың адам қаза тауып, жараланды. Бір сөзбен айтқанда, көптеген қалалардан тіршіліктің әсері байқалмайды.
Сириядағы лаңкестік соғыс салдарының өкініш тудыратын жағдайы бұл апаттың сириялық балаларға әсеріне қатысты болып отыр. Соғысты тудыру мен таратуға еш қатысы жоқ бұл балалардың сириялық болғаны үшін өз бүгіні мен ертеңінен айырылып отырғаны өкініш тудырады.
Сириялық балалардың бүгінгі тағдыры – ел ішінде немесе шет елдерде босып жүру, лаңкестердің ауыр, айуандық әрекеттерінің асында көмілу, аштық, ауруға шалдығу, санитарлық-гигиеналық күтімнен мақұрым болу және Энтони Лейктің айтуы бойынша, «шабуылдардан ұдайы қорқу жағдайында күн кешу».
Сириялық балалардың ертеңі де соғыс, қамқоршысыз өмір, қолайлы баспанасыз өмір, білім алудан мақұрым қалу, өте көп балалар үшін мүгедектік пен апатты лаңкестік соғыстан туындаған психикалық қиындықтарға толы болады.
Мынадай сауал туындайды: адам құқығын қорғау ұраны көтеріліп, адам құқығының бұзылу фактілерін тексеру үшін әртүрлі елдерге арнайы баяндамашылар жіберіліп, демократия жайлы сөз қозғалатын ғасырда осындай ұрандар айтатын елдердің өздері мен олардың одақтастары ашқан соғыста неліктен олардың түрлі түсті ұрандары мен уәждерінде Сирия мен Йемен балаларына орын жоқ?