Аштық жариялаушы палестиналық тұтқындардың жағдайы мүшкіл
(last modified Sun, 28 Aug 2016 16:03:51 GMT )
Там 28, 2016 22:03 Asia/Almaty
  • Аштық жариялаушы палестиналық тұтқындардың жағдайы мүшкіл

Сионистік режимнің түрмелерінде аштық жариялап отырған палестиналық төрт тұтқынның жағдайы мүшкіл.

QODSNA ақпарат агенттігінің палестиналық Maa news ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, тұтқындарды қолдау комитеті өз мәлімдемесінде палестиналық тұтқындардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Аштық жариялаған палестиналық төрт тұтқынның жағдайы ауыр болып, қазір ауруханаға жатқызылды» деп мәлімдеді.

Осы комитеттің хабары бойынша тұтқындар соттаусыз және айыптары түсіндірілместен құрықталып, сионистік режимнің түрмелеріне қамалуы мен өз талаптарына назар аударылмауына наразылық білдіріп аштық жариялап отыр.

Тұтқындарды қолдау палестиналық комитеті өз мәлімдемесінің жалғасында аштық жариялаушы тұтқындарға үн қосып, сионистік режимнің түрмелеріндегі өзге 120 палестиналық тұтқынның аштық жариялауын әлі жалғастырып отырғанын мәлімдеді.

Палестинадағы «әл-Замир» адам құқығы кеңсесінің статистикалық мәліметтері бойынша өткен шілде айына дейін 7 мыңнан астам палестиналық сионистік режимнің түрмелерінде қамауда отырған. Солардың 750-і әкімшілік қамауда отыр.