Сирия Түркияның әскери араласушылығына реакция білдірді
Сирия үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Сирия жерінен әскерилерін шығарып, осы елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына құрмет көрсету үшін Түркияға қысым жасауды сұрады.
Осы аяда Сирия СІМ БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің басшыларына бөлек хаттар жазып, Сирияның біртұтастығын бұзу және Түркияның осы елде әскери амалдар жасауын соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.
Осы екі хатта айтылғандай, Түркия өткен екі күннің ішінде 3 мың қарулы адамды Алепподағы лаңкестік топтардың қасында Сирияның әскерімен соғысу үшін өз шекарасынан Сирияға кіргізді.
Сирияның СІМ Түркия әскерилерінің ДАИШ-пен күресу үшін Джераблус қаласына кіруін «сахналанған көрініс» деп сипаттап, бұл әскерилердің ДАИШ лаңкестеріне тіпті бір оқ та атпағанын айтты.
Кез-келген ел Сирияда лаңкестікпен күрес жүргізгісі келсе, Сирия үкіметімен үйлесіп әрекет етуі қажет. Біз лаңкестікпен күресте өз міндетімізді ең жақсы тәсілмен атқаратын боламыз.
Түркия Сириямен түрік әскерилерінің осы елге араласуы туралы келісімге қол қоймай, сириялық жауапты тұлғалардың Түркия үкіметінен мұндай өтініш алмаған жағдайында өзінің көршілес елінің аумақтық тұтастығын бұзып отыр.
Айтып өту қажет, дипломатиялық және халықаралық заңдар елдер арасындағы қарым-қатынасты үйлестіреді. Осы заңдардың ең айқыны – елдердің ұлттық және аумақтық тұтастығына құрмет көрсету және олардың ішкі істеріне араласпау. Тату көршілестік пен өзара құрмет екі ел арасында достық қарым-қатынасын орнатуға негіз болады. Осы принцип елдердің байланыстарын тереңдетіп, нығайтады.
Ал осындай жағдайда Түркия соңғы жылдарда, әсіресе Сирияда дағдарыс басталғаннан кейін көрші елдермен текетіресті азайту саясатын іс жүзінде Таяу Шығыс аймағында шиеленіс тудыратын араласушылық саясатқа өзгертті.
Түркия басшыларының авантюристік істері олардың аймақта тыныштық пен тұрақтылық орнату және лаңкестікпен күресуге негізделген ұрандарымен үйлеспейді. Анкараның қазіргі сыртқы саясаты Таяу Шығыс аймағында шиеленістің ушығуына әкеліп соқтырды.
Сирия үкіметінің рұқсатынсыз түрік әскерилерінің Сириядағы әрекеттері басқыншылық болып саналады. Бұл халықаралық заңдар, бейбіт өмір мен тату көршілестік негіздеріне қайшы.
Бір елдің территориясындағы кез-келген әскери шара БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатын қажет етеді. Алайда АҚШ Президенті Барак Обаманың БҰҰ-ның рұқсатынсыз Сирия жерінде ДАИШ-ке қарсы коалиция құру бастамасын еске алсақ, осындай бастамалардың жалғасуы әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне зиян тигізетінін көреміз.
Халықаралық заңдар аясынан тыс, басқа елдердің егемендігіне қарсы құрметсіз атқарылған кез-келген іс сол елдің аумақтық тұтастығын бұзу болып саналады. ДАИШ-ты сылтаурату Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға жамылғы бола алмайды.
Қалай болғанда да Түркияның сыртқы саясат саласындағы қарама-қайшы, түсініксіз әрі өзгермелі әрекеттері мен бұл елдің лаңкестік топтармен, соның ішінде ДАИШ-пен кең түрде жарияланған ашық та жасырын қарым-қатынасы осы ел басшыларының ДАИШ-пен күрес туралы уәждеріне күмән туғызады.
Түркияның заңсыз әрі ішкі іске араласушылық әрекеттерін ескере отырып, Сирия үкіметі өзінің заңды құқығын пайдаланып қарымта жауап қайтарудың орнына заңды жолмен Түркияны БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесі арқылы тоқтатуды ұйғарып отыр.