Қарулы топтар Сирияның Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі келтіріп отыр
Там 30, 2016 22:30 Asia/Almaty
Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы қарулы топтардың Сирияның Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі келтіріп отырғанын баса айтты.
Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы Мария Захарова қарулы топтардың Алеппо қаласына БҰҰ- ның гуманитарлық көмегін жеткізуге кедергі келтіруін айыптап: «Қарулы адамдардың БҰҰ- ның гуманитарлық көмегін Кастело жолынан өткізуге жеңілдік беру үшін қойып отырған шарттары қабылдауға келмейді. Осы арандатушылық шаралар қарулы топтардың шынайы бейнесін көрсетеді. Олар адами қиын жағдайда өздерінің бүлдіргі мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланады» деді.
Тегтер