Бружерди Ливанның «әл- Аһд» ақпараттық торабына сұхбат берді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i13732-Бружерди_Ливанның_әл_Аһд_ақпараттық_торабына_сұхбат_берді
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алаоэддин Бружерди: "Иранда құрықталған лаңкестер Саудия режимінің рөлі және оның лаңкестік топтарды қолдауы туралы Иранның қауіпсіздік қайраткерлеріне бағалы мәліметтер ұсынды" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 31, 2016 07:34 Asia/Almaty
  • Бружерди Ливанның «әл- Аһд» ақпараттық торабына сұхбат берді

Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алаоэддин Бружерди: "Иранда құрықталған лаңкестер Саудия режимінің рөлі және оның лаңкестік топтарды қолдауы туралы Иранның қауіпсіздік қайраткерлеріне бағалы мәліметтер ұсынды" деді.

ИРНА-ның сейсенбі күні хабарлауынша, Бружерди Ливанның «әл-Аһд» ақпараттық торабына берген сұхбатында Иранда Саудияның қауіпсіздік және барлау аппаратының қолдауына ие лаңкестік топтар мүшелерінің құрықталуы жөніндегі сауалға берген жауабында: «Сауд әулеті аймақ пен әлемдегі барлық мүмкіндіктерін Иран ислам республикасына қарсы қолданады. Осы шеңберде лаңкестік топтарға Иран халқын нысанаға алу үшін көмек көрсетеді» деді.

Бружерди сондай- ақ Иран мен Ресейдің лаңкестікке тосқауыл қою үшін ынтымақтастықтарының жаңа кезеңі туралы: «Бағдад пен Дамаскте Иран, Ресей, Сирия және Ирак арасындағы бірлескен амалдар бөлмесі бар. Алайда лаңкестерге соққы беру үшін үлкенірек қадамдар жасау керек екендігін сезінген кезде кейбір жеңілдіктер ұсынуға, соның ішінде Ресей ұшақтарының Иранның батысында орналасқан Хамадан қаласындағы «Ноже» әуе базасынан жағармай құйып алуына келісім бердік. Иран өзінің ұлттық мүддесі мен ұлттық қауіпсіздігі бойынша бүгінде лаңкестікпен күресіп жатқан қарсыласу майданын қолдау үшін осындай шешім қабылдады» деді.