Иран Сириядағы Түркияның әскери әрекеттерінің жалғасуына алаңдаушылық білдірді
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сирия жеріндегі Түркияның әскери әрекеттерінің жалғасуына алаңдаушылық білдірді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми барлық елдердің Сирияның егемендігі мен территориялық біртұтастығын құрметтеуі қажеттігін тағы да қуаттап: «Лаңкестіпен күресу және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қорғауға талпыныс жасау аймақтағы бейбітшілік талап етуші мемлекеттердің сыртқы саясатының өзгермейтін маңызды негізі болғанымен, бұл мәселе басқа елдің территориялық біртұтастығын бұзуға және сол елдің орталық үкіметімен келіспей, басқа елдің жерінде әскери әрекеттер жүргізіп, сол елдің ұлттық егемендігімен санаспауға рұқсат бермейді»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Түркияның Сирияда әскери әрекеттерін жалғастыруын аймақ жағдайының шиелінісуіне себеп болғанын мәлімдеп: «Сирияның солтүстігіндегі қақтығыстардың кеңеюі бейкүнә әскери емес адамдардың қаза болуын арттырып отыр. Сондықтан Түркия әскері тез арада Сириядағы әскери әрекеттерін тоқтатуы керек»,- деді.