Иран Мәжілісінің депутаттары Бахрейн халқын қолдады
(last modified Wed, 31 Aug 2016 08:02:33 GMT )
Там 31, 2016 14:02 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің депутаттары Бахрейн халқын қолдады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Халифе режимінің зұлымдықтары алдында Бахрейн халқын қолдады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Бахрейн халқының зұлымдыққа қарсы іс-әрекеттерін қолдауымен бірге: «Халифе режимінің қылмыстары халықаралық қауымдастық пен адам құқығы туралы уәж айтушылар үшін тарихи тұрғыдан масқарашылық»,- деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Бахрейннің қатігез басшыларының бұл елдің шиіттерінің басшысы шейх Иса Қасемге шабуыл жасап, оның азаматтық құқықтарын бұзуы мен басқа де жүздеген қылмыстарын, соның ішінде балалар мен әйелдерді және саяси, діни басшыларды қамауға алу әрекеттерін айыптады.

Бахрейн режимі өткен маусымда әйгілі шиіт діни қайраткері шейх Иса Қасемді азаматтығынан айырған болатын. Мұндай шешім Бахрейн мен әлем шиіттерінің реакцияларына себеп болды.

Бахрейн 2011-ші жылдың ақпан айынан бері Халифе режиміне қарсы бейбіт шерулердің сахнасына айналып отыр.