Ердоған Түркия мен Израильдің қарым-қатынасын қалыпты жағдайға келтіру туралы келісімді растады
Түркия Президенті жуырда ел Парламентінде бекітілген Түркия мен Израильдің қарым-қатынасын қалыпты жағдайға келтіру туралы келісімді растап, қол қойды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні ел Парламентінде Түркия мен Израильдің қарым-қатынасын қалыпты жағдайға келтіру туралы келісімнің бекітілгеннен 12 күн өткен соң бұл келімді өз қолымен растап, оны Премьер-министрдің кеңсесіне жіберді.
Ал сионистік режимнің кабинеті бұл келісімді ағымдағы жылдың маусым айында бекіткен болатын. Анкара елде сәтсіз төңкеріс орын алған соң туындаған саяси тынышсыздықтардан 2 ай өткеннен кейін тамыз айында осы келісімді қарастыруға мұрсат алды.
Бұдан бұрын дүйсенбі күні Израильдің Анкарадағы елші қызметін атқарушысы Түркия мен сионистік режимнің бір-біріне елші жіберетінін хабарлаған болатын.