Амир Абдуллахиан: Сауд Арабиясының әрекеті лаңкестіктің артуына себеп болып отыр
(last modified Thu, 01 Sep 2016 14:29:28 GMT )
Қыр 01, 2016 20:29 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сауд Арабиясының әрекеті лаңкестіктің артуына себеп болып отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Сауд Арабиясының қауіпсіздік және саяси тәсілдерінің аймақта бейберекеттік пен тынышсыздықтың артып, лаңкестік топтардың белең алуына соқтырғанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Сауд Арабиясының аймақтағы қатынастары бұл күндері ақылға негізделген танылған саяси аяға сыймайды. Аймақтық мәселелерде Сауд Арабиясында билікке келген жаңа топтың шешімдері мен қатынастары жындылыққа саяды деп әсірелеусіз айтуға болады»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасап, ондағы көптеген құрал-жабдықтар мен инфрақұрылымдарды нысанаға алып, жойып жатқанына 500 күннен асқанын айтып: «Йеменнің көптеген әйелдері, балалары мен қарапайым адамдары қаза тапты. Эр-Рияд Йеменге қатысты мәселелерді басынан-ақ саяси тәсілмен шеше алатын еді»,-деді.